Елена Рыбакина Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атанды
11 маусым күні Алматыда спорт және бизнес саласындағы алғашқы ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спорт және спорттық бизнес саласындағы Metaratings Top Awards сыйлығы биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды 2026 жылғы 10-20 наурыз аралығында халықтық дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, әр номинациядағы үш үміткердің арасынан таңдаған қазылар алқасы анықтады.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина «Жыл спортшысы (әйелдер арасында)» номинациясының жеңімпазы атанды. Ол халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады. Елена бұл сыйлықты екінші рет жеңіп алып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да «Жыл спортшысы» атанған болатын.
Еске салайық, 2025 жылы Рыбакина өз мансабында алғаш рет WTA Finals қорытынды турнирінде жеңіске жетті. Ал 2026 жылдың басында қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің чемпионы атанып, «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардағы екінші титулын жеңіп алды.
Қазіргі маусымда Рыбакина әлемдік рейтингтің бірінші сатысы үшін күрес жүргізіп жатыр. Қазір ол WTA рейтингінде екінші орында тұр және Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Фото: ҚТФ
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған