457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Майами турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші ширек финалда америкалық Джессика Пегуламен кездесті.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстандық теннисші ширек финалда америкалық Джессика Пегуламен кездесті.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сет Пегуланың пайдасына аяқталды. Ал кейінгі екі сетте Рыбакина басым түсіп, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп - 2:6, 6:3, 6:4.

Жартылай финалда Елена Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) мен Хэйли Баптист (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Фото: olympic.kz