Елена Рыбакина Лондондағы беделді турнирге қатысты жоспарын айтты
Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтетін беделді турнирдегі басты мақсатын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшы «Ролан Гаррос» турнирінен кейін қысқа мерзімді демалыс алып, енді WTA 500 санатындағы Лондон турнирінде кортқа қайта оралады.
«Иә, "Ролан Гарростан" кейін бір аптаға жуық демалдым. Парижде біраз уақыт аялдап, сол жерде тынықтым, кейін үйге қайттым. Бұл жақсы әрі сапалы демалыс болды деп ойлаймын. Осының арқасында шөп төсенішіндегі маусымды сәтті өткіземін деп үміттенемін. Алдағы уақытта не болатынын көрерміз. Бұл турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, сондықтан мұнда соңына дейін қалып, жақсы нәтиже көрсетемін деп үміттенемін», – деді Рыбакина.
Бұған дейін қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінен кейін Еуропадағы демалысынан фотосуреттер жариялаған болатын.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Лондондағы турнир арқылы шөп төсенішіндегі маусымын бастап, алдағы ірі жарыстарға дайындық жүргізіп жатыр.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған