457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте келесі айналымға өтті

Тай-брейкте Рыбакина салқынқанды ойын көрсетіп, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үшінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан Indian Wells Open WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің 43-ракеткасы, америкалық Hailey Baptisteмен кездесті. Тартысты өткен матчта Рыбакина қарсыласын үш сет қорытындысы бойынша 7:6, 2:6, 6:2 есебімен жеңді.

Алғашқы сетте қазақстандық теннисші бірден брейк жасап, 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен өз алаңында ойнаған Баптист есепті теңестіріп, 4:4 нәтижесіне жеткізді. Сет соңында америкалық теннисші үш сетболды пайдалана алмады. Тай-брейкте Рыбакина салқынқанды ойын көрсетіп, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Екінші партияда Баптист бастаманы өз қолына алып, 6:2 есебімен есепті теңестірді.

Шешуші үшінші сетте Рыбакина ойын тізгінін қайта қолға алды. Қазақстандық теннисші брейк жасап, 4:1 есебімен алға шығып, матчты тағы бір брейкпен аяқтады — 6:2.

Екі сағат 17 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 6 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Ал Баптист 6 эйс орындап, 8 мүмкіндіктің үшеуін брейкке айналдырды.

Төртінші айналымға шығу үшін Рыбакина әлемнің 28-ракеткасы Марта Костюк немесе рейтингте 87-орында тұрған америкалық эйлор Таунсенд/арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина 2023 жылы осы турнирдің чемпионы атанған болатын. Ал өткен жылы ол төртінші айналымда кейін чемпион атанған Мира Андрееваға жол берген еді.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры – 9,4 млн доллар. Жеңімпазға 1000 рейтингтік ұпай мен 1,5 млн доллардан астам сыйақы беріледі.

Фото: Martin KEEP / AFP via Getty Images