Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Төртінші айналымда ол ұлыбританиялық Сонай Карталді жеңді. Бірінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен басым түссе, екінші партияда есеп 4:3 болып тұрған кезде Картал жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.
Жартылай финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемнің 5-ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина биыл Индиан-Уэллсте өткен жылғы нәтижесін жақсартып, қазірдің өзінде 193 645 доллар сыйақы мен 215 рейтингілік ұпай иеленді.
Фото: ҚТФ
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған