Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Ига Швентектен екі сетте жеңілді

Сабина Асқарқызы 71 қаралым
Елена Рыбакина Ига Швентектен екі сетте жеңілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA 5-орын) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турнирінде Польша өкілі Ига Швентекке (2-орын) қарсы ойнады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч екі сетте аяқталып, Рыбакина 3:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Шэньчжэнь турнирінде Рыбакина жеке сында Швейцария өкілі Белинда Бенчичпен (11-орын), ал аралас жұп сында ресейлік Андрей Рублевпен бірге Швентек пен Монако өкілі Валентен Вашроға қарсы ойнайды.

Еске салсақ, биыл Рыбакина Швентекті тек бір ойында жеңді. Яғни, WTA Қорытынды турнирінде 3:6, 6:1, 6:0 есебімен қазақстандық теннисші басым түскен.

 

 

Фото: Спортс.кз

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар