Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Эр-Риядта WTA финалдық турниріне дайындықты бастады

Сабина Асқарқызы 192 қаралым
Елена Рыбакина Эр-Риядта WTA финалдық турниріне дайындықты бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 6-орында) Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа келіп, WTA финалдық турниріне дайындықты бастады, деп хабарлайды malimsports.kz sports.kz.

Жаттығу күндерінің бірінде Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Кори Гауффпен спарринг өткізді. Олардың жаттығу ойынының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Айта кетейік, жеребе нәтижесінде Елена Рыбакина Серена Уильямс тобына түсті. Бұл топта оның қарсыластары — әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек (Польша), америкалық Аманда Анисимова (4-орын) және Мэдисон Киз (7-орын).

WTA финалдық турнирі 1 қарашада Эр-Риядта басталады.

Фото: 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар