Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жеңіліп қалды

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 3-нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Қатар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол әлемдік рейтингте 13-орында тұрған 19 жастағы канадалық Виктория Мбокомен кездесті. Үш сетке созылған матчта Рыбакина 5:7, 6:4, 4:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Аустралия ашық чемпионатын қоса есептегендегі оның 9 матчқа созылған жеңіс сериясы үзілді. Егер қазақстандық теннисші финалға дейін жеткенде, әлемнің екінші ракеткасы атанар еді.

Мбоко енді финал жолдамасы үшін латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ал турнирдің бірінші ракеткасы Ига Швентек ширек финалда Мария Саккариге жол берді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар