Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына өтті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде жеңісті жолын жалғастырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті. WTA рейтингінде 41-сатыда тұрған қарсыласын Рыбакина екі сетте жеңді – 6:4, 7:6 (7:2).
Екінші партияның соңында жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Кездесу жаңбырға байланысты уақытша тоқтатылғанымен, теннисшілер кортта жалпы екі сағатқа жуық уақыт өткізді.
Ойын барысында Рыбакина бес эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ қазақстандық спортшы 18 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 14-сатысында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.
Фото: ҚТФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған