457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Екі сағат 4 минутқа созылған ойында Рыбакина 9 эйс орындап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына өте алмады.

Жарыста 3-ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингте 20-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кортқа шықты. Бұған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, есеп 1:1 болып тұрған еді.

Бұл жолы матчты Мухова сенімді бастады. Алғашқы партияда ол қос брейк жасап, сет тағдырын өз пайдасына шешті – 6:2.

Екінші сетте Рыбакина қарқынын артты. 3:1 есебімен алға шыққан ол тағы бір брейк жасап, партияны 6:2 нәтижесімен аяқтады.

Алайда шешуші үшінші сетте есеп 4:4 болған сәтте қазақстандық теннисші брейкке жол беріп алды. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған Мухова матчқа доп бергенде қателеспей, кездесуді 6:4 есебімен аяқтады.

Екі сағат 4 минутқа созылған ойында Рыбакина 9 эйс орындап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Мухова 3 эйс, 4 брейк жасап (12 брейк-пойнт), жеңіске жетті.

Енді Каролина Мухова финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингіде 7-сатыда тұрған америкалық Мэдисон Киздің қай жеңгенімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның жылдың алғашқы турнирінде ширек финалға шыққаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ал Тимофей Скатов Үндістанда өтіп жатқан жарыстың финалына шығу үшін бақ сынайды.

 Фото: Robert Prange/Getty Images