Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турниріне қатысу үшін Аустралияға келді

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турниріне қатысу үшін Аустралияға келді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысу мақсатында Аустралияға келді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Теннисші әлеуметтік желіде өз командасымен бірге түскен фотосын жариялады.

Суретте әлемнің бесінші ракеткасы атанған Рыбакинаның жанында бапкері Стефано Вуков та бар. Айта кетейік, өткен жылы WTA Вуковты мінез-құлық кодексін бұзғаны үшін дисквалификациялаған еді. Соған қарамастан, Рыбакина бапкеріне салынған санкцияларды алып тастап, онымен жұмыс істеуге рұқсат беруді талап еткен.

Елена маусымдағы алғашқы жарысын 4-11 қаңтар күндері Брисбендегі турнирде өткізеді. Қазақстандық теннисші бұл бәсекеде 2024 жылы чемпион атанған. Ал қазіргі турнир чемпионы – Беларусь өкілі Арина Соболенко.

 

 

Фото: Елена Рыбакинаның парақшасынан

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар