Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың үшінші айналымында қазақстандық теннисші испаниялық Паула Бадосаны (WTA рейтингінде 25-орын) 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ әрі сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалда Елена Чехия өкілі Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Фото: ҚТФ