457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Billie Jean King Cup турнирінде Қазақстан намысын қорғайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Billie Jean King Cup турнирінің финалдық кезеңінде ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы турнирдің ұйымдастырушылары ресми әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, қазақстандық теннисшінің жарысқа қатысатынын растады.

Сабырлы Рыбакина. Қазақстан мен Испания 23 қыркүйекте Billie Jean King Cup финалдық кезеңінде кездеседі, – делінген хабарламада.

23 қыркүйекте Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup финалдық кезеңінің ширек финалында Испаниямен кездеседі.

Бұл матчтың жеңімпазы жартылай финалда Чехия мен Ұлыбритания құрамалары арасындағы жұптың үздігімен ойнайды.

Еске салсақ, Елена Рыбакина осы жылдың іріктеу кезеңінде Канада құрамасына қарсы матчқа қатыспаған еді. Сол кезде қазақстандық теннисші WTA турнирлеріне дайындалуға басымдық берген болатын.

Айта кетейік, Billie Jean King Cup турнирінің финалдық кезеңі 22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Centre кешенінде өтеді.

 

Фото: ҚТФ