Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті

Сабина Асқарқызы 134 қаралым
Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың 8-нөмірлі теннисшісі саналатын Рыбакина екінші айналымда рейтингте 90-сатыдағы америкалық Кэти Макнеллимен күш сынасты.

Қарсыласына қарсы өткен матчта алғашқы сет 7:5 есебімен Елена пайдасына шешілді. Екінші партияда Макнелли 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші үшінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға шығып, сол артықшылығын сақтап қалды — 6:3.

2 сағат 30 минутқа созылған тартысты ойында Елена 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс және 3 брейкпен ерекшеленді.

Үшінші айналымда Рыбакина рейтингте 66-орындағы германиялық Ева Лиске қарсы ойнайды.

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар