Елена Рыбакина Бейжің турнирінің үшінші айналымында жарыс жолын аяқтады

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің үшінші айналымында Германия өкілі Ева Лиске есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 66-орында тұрған қарсыласына Рыбакина үш сетке созылған тартысты матчта жол берді.
Алғашқы партияда неміс спортшысы 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рыбакина айқын басымдық көрсетіп, 6:1 есебімен жеңісті өз пайдасына жазды. Шешуші үшінші сетте есеп 4:4 болған сәтте тартыс шиеленісіп, алайда соңғы сәттерде Лис мүмкіндігін пайдаланып, 6:4 есебімен матчты түйіндеді.
Екі сағат 14 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 8 эйс орындап, 9 брейк-пойнттың жетеуін іске асырды. Ева Лис 1 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина Бейжің турнирін үшінші айналымда аяқтады.

Ең көп оқылған
