457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен еді

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға тап келді, деп хабарлайды malimsports.kz
Қарсыластар осыған дейін өзара алты мәрте кездесіп, әрқайсысы үш-үштен жеңіске жеткен еді. Бұл жолы брейкпен бастаған Рыбакина 3:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.
Екінші сетте есеп 1:1 болғаннан кейін теннисшілер брейкпен алмасты. Дегенмен Елена брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бірақ Пегула да қалыспай, Рыбакинаның үш матчболды пайдалануына мүмкіндік берді – 5:5. Рыбакина тай-брейкте дегеніне жетті – 7:6 (9:7). 
Бір сағат 40 минутқа созылған матчта Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңді – 6:2, 6:3. 
2023 жылы Рыбакина финалда Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Фото: ҚТФ