457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина Арина Соболенкомен арадағы бәсекелестік туралы айтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Людмила Самсонованы жеңгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылық үшін белоруссиялық Арина Соболенкомен бәсекесі туралы қазір ойламауға тырысатынын айтты.

Бұл туралы ойламауға тырысамын, өйткені алдымда әлі көптеген матч бар. Шөп үстіндегі маусымда қалағанымдай жақсы өнер көрсете алмадым. Қазір мен үшін ең маңыздысы – ойынымды жақсарту. Солтүстік Америкадағы турнирлер алдында соңғы екі апта бойы тынымсыз жұмыс істедік. Мен үшін ең маңыздысы – ойынымның жақсарып келе жатқанын көру. Бұл турнирде кейбір тұстарды жақсы орындап жатырмын, бірақ әлі де үздік формама толықтай енген жоқпын. Рейтинг пен ұпай туралы ойламауға тырысамын. Әр матчқа жеке-жеке көңіл бөліп жүрмін. Қаншалықты алысқа бара алатынымды уақыт көрсетеді, – деді Рыбакина.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орында тұрған Арина Соболенко арасындағы айырмашылықты төрт ұпайға дейін қысқартуы мүмкін.Ол үшін Қазақстанның екінші ракеткасы Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде жеңімпаз атануы қажет.

Айта кетейік, Арина Соболенко Canadian Open турниріндегі өнерін 1/8 финалда аяқтады. Беларусь өкілі бұл кезеңде ресейлік Екатерина Александроваға есе жіберді.

Ал ширек финалда Елена Рыбакинаның қарсыласы WTA рейтингінде 11-орында тұрған жапониялық Наоми Осака болады.

 

Фото: instagram/nbotoronto