Мәзір
Теннис

Елена Рыбакина әлемнің үздік ТОП-6 теннисшісінің қатарына енді

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Елена Рыбакина әлемнің үздік ТОП-6 теннисшісінің қатарына енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындар бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңартылған рейтинг бойынша, Токио қаласында (Жапония) өткен WTA 500 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен және жылдың қорытынды додасына жолдама алған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте бір саты жоғары көтеріліп, 6-орынға жайғасты.

Осылайша, үздік сегіз спортшы қатарына енген Рыбакина 1-8 қараша аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін маусымның қорытынды турнирінде бақ сынайды.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 76-дан 75-орынға көтерілді. Ал Зарина Дияс 300-сатыда, Жібек Құламбаева 337-орында тұр.

Әлемдік рейтингтің көшін бұрынғыша Беларусь спортшысы Арина Соболенко бастаса, екінші орында Ига Швентек (Польша), ал үшінші сатыда америкалық Кори Гауфф орналасқан.

Жұптық разрядта Токио турнирінің финалисі Анна Данилина өз позициясын сақтап, 13-орында қалды. Ал Юлия Путинцева 103-тен 104-ке, Жібек Құламбаева 131-ден 134-орынға төмендеді.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар