Елена Рыбакина әлемнің ең тартымды теннисшілері арасында аталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік теннистегі үздік спортшылардың бірі Елена Рыбакина барлық кезең бойынша әлемдегі ең әдемі теннисшілер тізіміне енді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарияланған рейтингте қазақстандық спортшы 11-орынға жайғасты. Тізім көшін ресейлік экс-теннисші Анна Курникова бастап тұр. Екінші орынға әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Мария Шарапова орналасса, үздік үштікті сербиялық Ана Иванович түйіндеді.
Сонымен қатар рейтингке Анна Калинская, Габриэла Сабатини, Крис Эверт, Эмма Радукану, Эжени Бушар, Каролин Возняцки және Паула Бадоса секілді танымал теннисшілер енген.
Айта кетейік, жақында ғана Ролан Гаррос турнирін ерте аяқтаған Елена Рыбакина қазір көгалдағы маусымға дайындалып жатыр. Қазақстандық теннисші келесі жарысын 6 маусымда басталатын Лондондағы WTA 500 турнирінде өткізеді.
Фото: Instagram/LenaRybakina
Ең көп оқылған