Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 8 056 ұпай бар. Қазақстандық теннисші көш бастап тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенкодан небәрі 494 ұпайға қалып келеді.
Жаңартылған рейтингтің үздік бестігі төмендегідей:
Арина Соболенко (Беларусь) – 8 550 ұпай;
Елена Рыбакина (Қазақстан) – 8 056 ұпай;
Джессика Пегула (АҚШ) – 6 300 ұпай;
Коко Гауфф (АҚШ) – 5 649 ұпай;
Мирра Андреева (Ресей) – 5 293 ұпай.
Қазақстандық өзге теннисшілердің көрсеткіштері де жаңарды. Юлия Путинцева 81-орында тұр. Ал Жібек Құламбаева – 466, Аружан Сағандықова – 618, Соня Жиенбаева 735-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, алдағы турнирлерде сәтті өнер көрсеткен жағдайда Елена Рыбакинаның Арина Соболенконы басып озып, әлемнің бірінші ракеткасы атануына мүмкіндік бар.
Фото: instagram/lenarybakina