457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина әлемнің 4-ракеткасынан басым түсті

Рыбакина бәсекені сәтті бастады – 2:0. Содан соң сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін айқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі қатысатын айтулы жарыста қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында алғашқы матчын әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен өткізді.

Рыбакина бәсекені сәтті бастады – 2:0. Содан соң сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. 

Екінші партияда Елена 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1.

Небәрі 57 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Анисимова 2 эйспен шектелді.

Қазақстандық спортшымен бір топта өнер көрсететін әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек бастапқы ойынында рейтингіде 7-орындағы америкалық Мэдисон Кизді ойсырата жеңді – 6:1, 6:2. 

Рыбакина келесі кездесуін 3 қараша күні Швентекпен өткізеді. 

Фото: Ашық дереккөзден