Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-орыннан 7-сатыға көтерілді.
Ал тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцева 69-орыннан 76-сатыға төмендеді.
Жұптық сайыс бойынша Анна Данилина өз позициясын сақтап, 13-орында қалды.
Сонымен қатар, Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде әзірге 9-орында тұр.
Қазақстандық теннисші қараша айында Эр-Риядта өтетін маусымның қорытынды турниріне қатысу үшін үздік сегіздік қатарына енуі қажет. Ол үшін Токио (Жапония) WTA 500 жарысында алдағы екі кездесуде жеңіске жетсе жеткілікті.
Бұл жағдайда Рыбакина қазіргі 8-орындағы ресейлік Мирра Андрееваны басып озады. Айта кетейік, Андреева осы аптадағы турнирлерге қатыспайды.
Фото: ҚТФ