457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елена Рыбакина 2026 жылғы алғашқы жеңісіне баға берді

Матчтан кейінгі сұхбатында Рыбакина қарсыласының деңгейін ерекше атап өтті.

Қазақстандық теннисші, WTA рейтингінің бесінші сатысындағы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында қытайлық Чжан Шуайдан (әлемнің 79-ракеткасы) басым түсті. 

Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Бұл матч Елена үшін 2026 жылы кортқа шыққан алғашқы ойын болды.

Матчтан кейінгі сұхбатында Рыбакина қарсыласының деңгейін ерекше атап өтті. 

Бұл өте қиын матч болды, әсіресе маусымдағы алғашқы кездесу болғандықтан. Чжан Шуай өте жақсы ойнайды, сондықтан жеңіске жету оңайға соқпады. Ол үнемі қысым көрсетіп, агрессивті ойын үлгісін таңдады. Мен бірнеше қажетсіз және қос қателікке жол бердім. Әсіресе екінші сет оңай болған жоқ. Дегенмен ойынның барысын өз пайдамға өзгерте алғаныма қуаныштымын. Әр ұпайға барынша назар аудардым, кей сәттерде подачам да көмектесті. Бұл жеңіске өте қуаныштымын, - деді қазақстандық теннисші.

Фото: ҰОК