Джокович жақын уақытта мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Сербиялық теннисші Новак Джокович спорттағы мансабын аяқтайтын сәттің «бұрынғыдан да жақын» екенін мәлімдеді. Оның сөзін Tennis World USA басылымы келтірді, деп жазады malimsports.kz.
39 жастағы спортшы әлі де ең жоғары деңгейде өнер көрсетуге қауқары жететінін айтып, кәсіби теннисте ойнау мүмкіндігінен ләззат алып жүргенін жеткізді.
«Андре Агасси бірде мансабын қашан аяқтайтынын білмейтінін, бірақ ол сәт келгенде бәрі өте жылдам болатынын айтқан еді. Меніңше, ол дұрыс айтты. Кейбір спортшылар мансабын әлі де биікте тұрған кезінде аяқтағысы келеді. Ал енді бірі денесі жүктемеге шыдамаған кезде кетеді. Тағы біреулер әлемнің үздік ойыншыларымен бәсекеге түсе алмайтынын түсінгенде мансабын аяқтайды», - деді Джокович Нью-Йорктегі Fanatics Fest шарасында.
Қазіргі таңда Новак Джокович әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. Ол мансабында 101 турнирде жеңіске жеткен. Оның 24-і «Үлкен дулыға» жарыстарындағы чемпиондық атақ: Australian Open – 10, «Ролан Гаррос» – 3, Уимблдон – 7 және US Open – 4.
Джокович «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша Маргарет Кортпен бірге рекордты бөлісіп отыр.
Айта кетейік, 2006 жылғы маусымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Андре Агасси мансабын екі айдан сәл астам уақыттан кейін, US Open турнирінен соң аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған