Джокович Уимблдонда Федерердің рекордын қайталады
Сербиялық теннисші Новак Джокович Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шығып, Роджер Федерердің тарихи рекордын қайталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үшінші айналымда әлемнің сегізінші ракеткасы франциялық Артур Риндеркнешті 7:5, 6:4, 1:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін 39 жастағы Джокович Уимблдондағы жекелей сындағы 105-жеңісіне қол жеткізіп, швейцариялық Роджер Федерердің рекордына теңесті.
Енді сербиялық теннисші турнирдің 1/8 финалында ресейлік Роман Сафиуллинмен кездеседі.
Айта кетейік, Новак Джокович Уимблдонда жеті рет (2011, 2014, 2015, 2018, 2019, 2021 және 2022 жылдары) чемпион атанған. Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 64,2 миллион фунт стерлингті құрайды.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған