457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Джокович Australian Open турнирінде Федерердің рекордын жаңартты

Келесі кезеңде серб теннисшісі чехиялық Якуб Меншик пен америкалық Итан Куинн жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сербиялық теннисші Новак Джокович маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі - Australian Open жарысының төртінші айналымына жолдама алды. Осы жеңісі арқылы ол турнирлер тарихында «Үлкен дулығада» 400 матчта жеңіске жеткен алғашқы теннисші атанды, деп жазады malimsports.kz

Үшінші айналымда 38 жастағы Джокович, жарыстың төртінші нөмірлі ойыншысы, әлемнің 75-ракеткасы саналатын нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпты 6:3, 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. 

Келесі кезеңде серб теннисшісі чехиялық Якуб Меншик пен америкалық Итан Куинн жұбының жеңімпазымен кездеседі. Джокович «Үлкен дулыға» турнирлерінде 400 жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы спортшы болып отыр. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша рекорд швейцариялық Роджер Федерерге тиесілі еді - 369 жеңіс.

Сонымен қатар Джокович Australian Open турнирінде 1/8 финалда 18-рет ойнап, Федерердің рекордын қайталады. Ал жалпы «Үлкен дулыға» жарыстарында 1/8 финалға 70-рет шығуы — жаңа рекорд. Бұған дейін Федерер 69 рет бұл кезеңге жеткен. Australian Open аясындағы ерлер арасындағы жекелей сында жеңістер саны бойынша да серб Федерердің көрсеткішіне теңесті - 102 жеңіс.

Қазіргі таңда ATP рейтингінде төртінші орында тұрған Новак Джокович Australian Open турнирінің чемпионы атануды он рет еншілеген (2008, 2011–2013, 2015–2016, 2019–2021, 2023). Өткен жылы ол жарыстың жартылай финалына дейін жеткен еді.

Australian Open турнирі 1 ақпанда аяқталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрайды.

Фото:  Getty Images