Джеймс Дакворт Алматы турниріндегі әсері туралы айтты
Австралиялық теннисші Джеймс Дакворт Almaty Open турнирінде сенімді әрі жинақы ойынымен көрермендерді таңғалдырып жүр. Ширек финалда ол жарыстың үшінші ракетка, италиялық Флавио Коболлиді 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп жазады malimsports.kz.
Коболлиді жеңу Дакворт үшін мансабындағы ең маңызды жеңістердің бірі болды: осы маусымда ол Лос-Кабоста әлемнің 26-ракеткасы Алехандро Давидович Фокинаны ұтқан болатын.
- Джеймс, жарыстың үшінші ракеткасын жеңгеніңізбен құттықтаймыз!
- Рахмет! Өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Маған Қазақстанда ойнаған ұнайды.Турнир керемет ұйымдастырылған, Алматыда өзімді шынымен де үйдегідей сезінемін.
- Қазақстан сіз үшін ерекше жерге айналды деуге бола ма?
- Иә, әрине. Мұнда ғажайып атмосфера және сені жылы қарсы алатын көрермендер.
- Жарыс басталғалы тұрақты ойнап келесіз. Жетістік сыры неде?
- Агрессивті ойынды, өз стилімді ұстануға тырысамын.
- Алда жартылай финал. Одан не күтесіз?
- Бұл кезеңде жеңіл қарсылас болмайды, Даниил өте мықты ойыншы, ертең кортқа шығып, жеңіс үшін бар күшімді саламын.
Фото: ҚР теннис федерациясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған