Дэвис кубогы: Оңтүстік Кореямен ойында Шевченко нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді

Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогы аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчы басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кортқа әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко мен дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хён шықты.
Чон 2018 жылы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, рейтингіде 19-сатыға көтерілген. Бұл кездесуде Шевченко 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.
Бұған дейін қос құрама екі рет кездескен. 2007 жылы Корея 5:0 есебімен жеңген еді. Кейін 2010 жылы Қазақстан Астанада дәл сондай есеппен қарымта қайтарған.
Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған
