Мәзір
Теннис

Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты

Сабина Асқарқызы 122 қаралым
Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты

Астанада теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогы аясында Монако командасына қарсы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарыстың екінші күнін Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев бастап, олар Роман Арнеодо / Уго Нис жұбына қарсы кортқа шықты.

Кездесу қорытындысы бойынша қарсылас жұп жеңіске жетті. Ойын 7:6, 6:7, 6:7 есебімен аяқталды. Осылайша Монако құрамасы алға шығып, жалпы есеп 2:1 болды.

Келесі болып Қазақстан құрамасы сапынан Александр Бублик өнер көрсетеді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Валантен Вашроға қарсы ойнайды.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар