Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Германияның Юберлинген қаласында өтіп жатқан ITF M25 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алғашқы айналымда қазақстандық спортшы ATP рейтингінде 756-орында тұрған Италия өкілі Маттео Коватомен кездесті.
1 сағат 3 минутқа созылған матчта Денис Евсеев қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің екінші айналымына жолдама алды.
Айта кетейік, бұл екі теннисшінің өзара алғашқы кездесуі болды.
Келесі кезеңде Денис Евсеев Германия теннисшілері Янник Мауте мен Венсан Дюллингер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Фото: ҚТФ