457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Әлемдік рейтингте 364-орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев Цзиншанда (Қытай) өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алдымен Евсеев әлемнің 215-ракеткасы, хорват Борна Гойоны 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Екінші айналымда ол әлемнің 135-ракеткасы, америкалық Колтон Смитпен кездесіп, алғашқы сетте 3:6 есебімен ұтылғанына қарамастан, кейінгі екі партияда 6:3, 6:3 нәтижесімен камбэк жасады.

Қос сағатқа жуыққа созылған матчта Евсеев 7 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды.

Жартылай финал жолдамасы үшін ол әлемнің 159-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманмен кездеседі.

 

Фото: ҰОК