457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Денис Евсеев Пәкістандағы турнирдің финалына шықты

Пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши мен Музаммил Муртазамен чемпиондық атаққа таласады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды.

Чехиялық серіктесі Доминик Паланмен қос жұп ретінде жарыстың 4-ракеткасы саналған Евсеев жартылай финалда америкалық Пристон Браун мен украиналық Никита Белозертцев дуэтін сенімді түрде ұтты.

Алғашқы сетте қазақстандық-чехиялық жұп қарсыластарын қиналтпай, 6:1 есебімен басым болды. Екінші партияда Браун–Белозертцев жұбы қарсылық танытқанымен, Евсеев пен Палан матчты 7:5 есебімен аяқтап, финалға шықты.

Бір сағатқа жетпейтін уақытқа созылған кездесуде Евсеев–Палан жұбы эйс жасамағанымен, ұсынылған 8 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланған. Ал қарсыластары 1 эйс жасап, 3 брейкке қол жеткізген (6 брейк-пойнт).

Финалда олар жергілікті фавориттер – пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши мен Музаммил Муртазамен чемпиондық атаққа таласады.

Сонымен қатар, сенбі күні Денис Евсеев жекелей сында да кортқа шығып, әлемнің 473-ракеткасы саналатын түркиялық Мерт Алкаямен финал жолдамасы үшін күш сынасады.

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған