Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан челленджер турнирін сәтті бастап, жұптық сында ширек финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз чехиялық Доминик Паланмен бірге алғашқы айналымда аустралиялық Лоуренс Батальин мен италиялық Леонардо Борелли дуэтін сенімді жеңді.
Алғашқы сет 7:5 есебімен аяқталса, екінші партияда да Евсеев – Палан жұбы басым түсіп, 6:3 нәтижесін тіркеді.
Енді Денис Евсеев мен Доминик Палан жартылай финал жолдамасы үшін болгариялық Динко Динев – аустриялық Маттиас Уйвару жұбымен күш сынасады.
Әлемнің 401-ракеткасы саналатын Денис Евсеев жекелей сында да жарысты жеңіспен бастады. Ол рейтингіде 1151-орында тұрған ресейлік Иван Грецкийді 1 сағат 33 минутқа созылған матчта 7:6 (9:7), 6:3 есебімен ұтып, екінші кезеңге өтті. Евсеев келесі айналымда пәкістандық Музаммил Муртазамен кортқа шығады.
Фото: ҰОК