Мәзір
Теннис

Данилина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 96 қаралым
Данилина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Анна Данилина мен Александра Круничтен құралған қазақстан-сербиялық дуэт Дубайда өтіп жатқан беделді WTA 1000 санатындағы турнирде жеңісті жолын жалғастыруда, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Екінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы мен оның серіктесі П. Плипыч/Р. Бхосале тандемін сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Матчтың алғашқы сеті Анна мен Александраның толық басымдығымен өтті: олар доп қабылдаудағы агрессивті ойыны мен тор алдындағы шеберлігінің арқасында айқын басымдыққа ие болды. Екінші партияда қарсыластар барын салып, ойынды тай-брейкке дейін жеткізді. Дегенмен, шешуші сәтте қазақстан-сербиялық жұптың тәжірибесі мен суыққандылығы матчты екі сетте аяқтауға мүмкіндік берді.

Жартылай финал жолдамасы үшін Данилина мен Крунич Людмила Киченок және Дизайр Кравчук жұбына қарсы кортқа шығады.

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар