Бүгін Елена Рыбакина «Уимблдон» турниріндегі екінші ойынын өткізеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бүгін «Уимблдон-2026» турниріндегі екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда АҚШ өкілі, WTA рейтингінің 50-ракеткасы Кэти Макнеллимен кездеседі. Матчтың басталуы Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-ге жоспарланған.
Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында Франция теннисшісі Луи Буассонды екі сетте жеңіп, келесі кезеңге сенімді өтті. Ал Макнелли жарысты румыниялық Елена-Габриэла Русені 7:5, 6:3 есебімен ұтып бастады.
Биылғы «Уимблдон» турнирі 29 маусым мен 12 шілде аралығында Лондон корттарында өтіп жатыр.
2026 жылғы жарыстың жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетіп, 64,2 миллион фунт стерлингті құрады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисшілер 3,6 миллион фунт стерлингтен сыйақы алады.
Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы – әлемнің үшінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швёнтек.
Фото: j48tennis
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған