Бублик – Фритц: матч қашан басталады және қайдан көруге болады?
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турниріндегі кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жолы ол жарыстың 1/8 финалында әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездеседі.
Бублик үшінші айналымда америкалық Фрэнсис Тиафоны бес сетке созылған тартысты матчта жеңіп, бірнеше жылдан кейін алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына жолдама алды. Осылайша, ол аталған турнирдегі ең үздік нәтижесін қайталады.
Тейлор Фритц алғашқы үш кезеңде Душан Лайовичті (3:0), Патрик Кипсонды (3:0) және Лоренцо Сонегоны (3:1) жеңіп, сенімді түрде 1/8 финалға шықты.
Биылғы маусымда америкалық теннисші 22 матчта жеңіске жетіп, 12 кездесуде жеңілген. Ал шөп төсенішіндегі көрсеткіші – 10 жеңіс және екі жеңіліс.
Бублик пен Фритц осыған дейін сегіз мәрте кездескен. Жеке кездесулердегі есеп әзірге тең – 4:4.
Уимблдонның 1/8 финалындағы Александр Бублик пен Тейлор Фритц арасындағы матч 6 шілдеде, Қазақстан уақытымен шамамен 20:30-да басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Фото: ҚТФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған