457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Billie Jean King Cup: Қазақстан құрамасы Астанада Канадамен сынға түседі

10-11 сәуір күндері Астана қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup іріктеу кезеңінің матчы өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Канада құрамасына қарсы бақ сынайды.

Матч бес кездесуден тұрады: төрт жекелей және бір жұптық ойын. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, ұлттық құраманың матчқа қатысатын теннисшілері жақын күндері жарияланады.

Ойындар кестесі:

10 сәуір (жұма)
14:00 – екі жекелей кездесу
Мекенжайы: Тұран даңғылы 4/2, Ұлттық теннис орталығы (орталық корт)

11 сәуір (сенбі)
13:00 – екі жекелей кездесу және бір жұптық матч
Мекенжайы: Тұран даңғылы 4/2, Ұлттық теннис орталығы (орталық корт)

 

 

Фото: ҚТФ