Лондонда 2026 жылғы теннистен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тартылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық команда финалдық кезеңге жолдама алу үшін Астанада Канада құрамасымен кездеседі. Матчтар 10–11 сәуір күндері Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді.
Айта кетейік, Канада құрамасы 2023 жылы Билли Джин Кинг кубогының чемпионы атанған.
Іріктеу бәсекесі аясында төрт жекелей және бір жұптық матч ойнатылады.
Еске салайық, бұған дейін Александр Бубликтің Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағаны хабарланған болатын.
Фото: ҚТФ