457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан – АҚШ матчында кімдер ойнайтыны белгілі болды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды, деп жазады malimsports.kz.

Командалық әлем чемпионатының ширек финалында қос құраманың арасындағы кездесу 18 қыркүйекке белгіленген. Бәсекені әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро бастайды. Қос теннисші осыған дейін өзара кездеспеген.

Бұдан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингіде 7-сатыдағы Джессика Пегулаға кезек келеді. Бұдан бұрын Пегула Рыбакинаны үш рет жеңіп, біреуінде жеңілген.

Жарыс фавориттерінің бірі АҚШ жұптық сында да мықты. Тейлор Таунсенд әлемдік рейтингіде көш бастаса, оған Маккартни Кесслер көмектеседі. Дегенмен қазақстандықтар Анна Данилина - Жібек Құламбаеваға үміт артады.