457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Берлиндегі сенсация: Елена Рыбакина күтпеген жерден жарыстан шығып қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде ширек финалға өте алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда филиппиндік Александра Эаламен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты.

Матчтың басында Рыбакина 4:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы ойынды өз пайдасына өзгерте алды. Нәтижесінде алғашқы сет 7:5 есебімен Александра Эаланың пайдасына аяқталды.

Екінші партияда да филиппиндік теннисші бастаманы өз қолына алып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, әлемнің 35-ракеткасы саналатын Александра Эала турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды. Матч барысында Елена Рыбакина 13 эйс жасағанымен, брейк-пойнттарды тиімді пайдалана алмады.

Айта кетейік, бір ай бұрын Римдегі WTA 1000 турнирінде Рыбакина дәл осы Александра Эаланы екі сетте жеңген болатын. Сондықтан бұл нәтиже Берлиндегі жарыстың басты сенсацияларының бірі ретінде бағалануда.

Ал ширек финал жолдамасы үшін Александра Эала украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.

 

Фото: ҚТФ