Бейбіт Жұқаев пен Новак Джокович бірге жаттығуға кірісті
Бейбіт Жұқаев пен Новак Джокович Дубайда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл қалада қазір жаңа маусымға дайындықтар пысықталуда, деп жазады malimsports.kz.
Бейбіт Жұқаев үшін жаңа маусымға дайындық барысында аты аңызға айналған, 24 дүркін «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы Новак Джоковичпен бірге жаттығу аса маңызды.
Жыл сайынғы Қазақстан теннис федерациясының оқу-жаттығу жиынына Жұкаевпен қатар ұлттық құраманың өзге де өкілдері қатысып жатқаны белгілі болды. Оның ішінде Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Денис Евсеев сынды теннисшілер бар.
Жаңа маусым келесі аптада Австралияда басталады. Ал жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі Australian Open 18 қаңтарда жалауын көтермек.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған