Бейбіт Жұқаев Мексика турнирінің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев жұптық сында Морелос (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, қазақстандық теннисші украиналық Вадим Урсумен бірге бастапқы кездесуін аустралиялықтар Джейк Дилэйни – Марк Полманспен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте аустралиялықтар есе қайырды – 7:5.
Супер тай-брейкте Жұқаев – Урсу жеңісті жұлып алды – 10:8.
Бейбіт Жұқаев – Вадим Урсу жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Агустин Гомес – эквадорлық Андрес Андрадемен таласады.
Жекелей сында әлемдік рейтингіде 302-орында тұрған Б.Жұқаев осы додада алғашқы айналымнан аса алмады. Бейбіт әлемнің 329-ракеткасы, аргентиналық Факундо Менаға жол берді – 4:6, 2:6.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 285-сатыдағы Михаил Кукушкин Мурсия (Испания) челленджер турнирінің ширек финалынан тыс қалды. Ол әлемнің 165-ракеткасы, испаниялық Роберто Карбальес Баэнаға есе жіберді – 1:6, 6:3, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Испаниядағы жарыстың келесі айналымына өткенін жазған болатынбыз.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының ширек финалына қандай клубтар жолдама алды
Ең көп оқылған