Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бірінші айналымда қазақстандық спортшы америкалық Алекс Михельсенге 2:6, 3:6 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Жұқаев ойынның оңай болмағанын, бірақ бар күшін салғанын атап өтті.
«Қарсыласым әлемдік рейтингте топ-50 қатарына кіретін мықты ойыншы. Соған қарамастан барымды беруге тырыстым», — деді ол.
Фото: ҚТФ