Аустралия ашық чемпионатына қатысатын қазақ теннисшілері анықталды
2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына қатысатындардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, алдағы жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик және рейтингіде 95-орында тұрған Александр Шевченко бақ сынайды.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина, рейтингіде 71-орындағы Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қытайдағы іріктеу турнирінде үздік шыққан рейтингіде 283-сатыдағы Зарина Дияс арнайы шақырту алды.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина додаға қосылмақ. Сонымен қатар іріктеу сайыстарына Қазақстаннан әзірге Тимофей Скатовтың қатысатыны анық. Қалғаны кейін анықталады.
Аустралия ашық чемпионаты 12 қаңтар – 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді.
Бұдан екі жыл бұрын Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, белоруссиялық Арина Соболенкоға жол берген болатын.
Фото: ҚР теннис федерациясы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған