Мәзір
Теннис

Australian Open: Юлия Путинцева жеңісті жұлып алды

Сабина Асқарқызы 142 қаралым
Australian Open: Юлия Путинцева жеңісті жұлып алды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатын (Australian Open) сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бірінші айналымда (1/64 финал) Путинцева әлемдік рейтингте 59-орында тұрған бразилиялық Беатрис Аддад Майямен кортқа шықты. Қиын әрі тартысты матчта қазақстандық теннисші 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші үшінші сетте Юлия 1:3 есебімен ұтылып жатқанымен, ойынды өз пайдасына өзгертіп, камбэк жасай алды. Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды.

Осы жеңістің арқасында Путинцева турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды. Ал Аддад Майя Australian Open-тегі өнерін аяқтады. Қазақстандық теннисшінің 1/32 финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, маусым басында Юлия Путинцева Аустралиядағы Брисбен және Аделаида турнирлеріне қатысқан. Брисбенде ол екінші айналымда жарыстан шығып қалса, Аделаидада 1/8 финалға дейін жеткен болатын.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар