Australian Open: Анна Данилина турнирдің екі санатында ширек финалға шықты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 2026 жылғы Australian Open ашық чемпионатында бірден екі разрядта ширек финалға жолдама алды, деп жазады malimsports.kz.
Аралас жұптар бәсекесінде Данилина америкалық Джеймс Трейсимен бірге өнер көрсетуде. Екінші айналымда қазақстандық-америкалық дуэт Канада өкілі Лейла Фернандес пен австралиялық Ник Кирьосқа қарсы ойнады.
Кездесу екі сетке созылып, Данилина мен Трейсидің айқын жеңісімен аяқталды - 6:3, 6:1. Матч 54 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде жұп бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 8 брейк-пойнттың 4-еуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалда Анна Данилина мен Джеймс Трейси Бразилиялық Стефани Луис пен Сальвадор өкілі Марсело Ареваломен кездеседі. Аталған жұп турнирде екінші нөмірмен тіркелген.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған