Мәзір
Теннис

Australian Open: Анна Данилина турнирде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Сабина Асқарқызы 109 қаралым
Australian Open: Анна Данилина турнирде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Kazinform-ның жазуынша, жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Елена Приданкина - америкалық Куинн Глисонмен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 7:5 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде ресейлік-америкалық дуэт есе қайырды - 6:4.

Үшінші сетте Данилина - Крунич бет қаратпады - 6:0.

Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсекеде Данилина - Крунич 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін мүлтіксіз пайдаланды. Приданкина - Глисон 11 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Анна Данилина - Александра Крунич үшінші айналымға шығу үшін аустралиялықтар Дарья Касаткина - Арина Родионовамен таласады.

Аустралия біріншілігінде жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик жарыс жолын жалғастырып жатыр. А.Данилина америкалық Джеймс Трейсимен бірге миксте де сынға түседі.
Фото: Kazinform

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар