Мәзір
Теннис

Australian Open: Анна Данилина келесі айналымға шықты

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
Australian Open: Анна Данилина келесі айналымға шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші нөмірі, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыста 7-ракетка болып тіркелген Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда аустралиялық жұп – бұрын Ресей атынан өнер көрсеткен Дарья Касаткина мен Арина Родионованы жеңді.

Қазақстандық-сербиялық дуэт қарсыластарынан 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

Шамамен бір жарым сағатқа созылған кездесуде Данилина мен Крунич 2 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды. Ал Касаткина мен Родионова 1 эйспен шектеліп, 8 брейк-пойнттың тек үшеуін ғана сәтті жүзеге асырды.

Анна Данилина мен Александра Круничтің үшінші айналымдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

 

 

Фото: ҚТФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар