Мәзір
Теннис

Australian Open: Алькарас 5,5 сағатқа созылған матчта Зверевтен басым түсті 

Сабина Асқарқызы 116 қаралым
Australian Open: Алькарас 5,5 сағатқа созылған матчта Зверевтен басым түсті 

Әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас Australian Open турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жартылай финалда ол Германия өкілі, әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевті 6:4, 7:6, 6:7, 6:7, 7:5 есебімен жеңді.

Матч 5 сағат 26 минутқа созылып, турнирдегі ең ұзақ кездесу болды. Алькарас алғашқы екі сетте басымдық танытқанымен, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Шешуші бесінші сетте Зверев 5:4 есебімен матчқа доп бергенімен, оны пайдалана алмады.

Бұл жеңіс Алькарас үшін тарихи мәнге ие: ол алғаш рет Australian Open финалында ойнайды. Сонымен қатар испаниялық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерінде 2:0 сет есебімен алда келе жатып, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Финалда Карлос Алькарас Янник Синнер (Италия) мен Новак Джокович (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Фото:  Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар