457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Australian Open: Александр Бублик алғаш рет үшінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, мажарстандық, 33 жастағы Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды, деп жазады malimsports.kz
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, мажарстандық, 33 жастағы Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты. Тартысты өрбіген бірінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз геймін ала білді – 7:5. Екінші партия барысында теннисшілер брейк алмасты. Дегенмен есеп 4:4 болғанда, қазақстандық спортшы тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:4. Үшінші сетте Фучович 4:2 есебімен алға кетті. Бірақ есеп 5:3 болып, сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Қарқын алған Бублик дес бермеді – 7:5.
Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен ойнайды.

Фото: ҚР теннис федерациясы